Galaxy AI енді осында

Тағы бір керемет нәрсе пайда болды. Galaxy AI — сізге қызмет ету үшін, шабытыңызды ашу үшін, өнімділігіңізді арттыру үшін және жаңа мүмкіндіктер әлемін ашу үшін жасалған. Сіздің қолыңызда оның адами қасиеттері, сенімділігі, маңыздылығы, жеке өзіңе сәйкестігі, пайдалығы және құрылғылар арасындағы қауіпсіздігі арта түседі.
Galaxy AI-мен өмірің өзгереді.

ҚОРШАУ АРҚЫЛЫ ІЗДЕУ

Үлкен экранда "Қоршау арқылы іздеу" функциясы1

Енді сізде смартфоннан іздеудің неғұрлым тиімді әдісі бар — іздеген объектіні айналдырып сызсаңыз болғаны. Смартфонның үлкен жиналмалы экранында саусақты немесе S Pen қаламын пайдалану жұмысыңыздың өнімділігін арттыруға көмектеседі.2

Бейнеролик Париждегі париждік бранчтың төрт тағамы тізілген мәзірден басталады. Төменгі тапсырмалар тақтасында Samsung қолданбаларының белгішелері көрсетіледі. Содан кейін S Pen \"Galette\" сөзін айналдырып сызады және экранда осы терминнің мәндерін Google-дан іздеу нәтижелері пайда болады. Бейнеролик Париждегі париждік бранчтың төрт тағамы тізілген мәзірден басталады. Төменгі тапсырмалар тақтасында Samsung қолданбаларының белгішелері көрсетіледі. Содан кейін S Pen \"Galette\" сөзін айналдырып сызады және экранда осы терминнің мәндерін Google-дан іздеу нәтижелері пайда болады.

FLEXCAM

Автозумдау режимі бар FlexCam. Ең жақсы ракурстан фотосуретке түсіріңіз3

Жартылай ашық Galaxy Z Flip6 смартфонының жарты экранындағы терезеде алдын ала қарау режимінде \"Камера\" қолданбасы көрсетіледі. Автоматты түрде зумдау түймесін басқан кезде кадрдағы достар тобының суретін автоматты түрде үлкейту үшін жасанды интеллект (AI) функциясы іске қосылады. Жартылай ашық Galaxy Z Flip6 смартфонының жарты экранындағы терезеде алдын ала қарау режимінде \"Камера\" қолданбасы көрсетіледі. Автоматты түрде зумдау түймесін басқан кезде кадрдағы достар тобының суретін автоматты түрде үлкейту үшін жасанды интеллект (AI) функциясы іске қосылады.
NOTE ASSIST

"Жазбаларға арналған ассистент" функциясын пайдалану — Samsung жиналмалы смартфондарында жазбаларыңызды қысқаша тезистер пішіміне түрлендірудің ең оңай жолы

Тіпті көп тапсырма режимінде де дәрістердің жазбаларын бірнеше рет түрту арқылы құрылымдалған конспектіге түрлендіре аласыз. "Жазбаларға арналған ассистент" функциясы қолмен жазылған жазбаларды оқып, оларды қысқаша тезистерге айналдыра алады. Қалған барлық әрекеттер үшін сізде жиналмалы экранда ғажайыптар жасауға әзір S Pen бар.2,4

INTERPRETER

Жартылай ашық смартфонды аудармашы режимінде пайдаланудың артықшылықтарын бағалаңыз

Саяхат кезінде жергілікті тұрғындармен сөйлескіңіз келе ме? Смартфонға орнатылған аудармашы сіздің айтқаныңызды немесе шет тілінде тыңдап отырғаныңызды, халықаралық конференциядағы баяндамашылардың сөйлеген сөздерін немесе экскурсия жетекшісінің әңгімесін бірден сіздің тіліңізге аударады.5,6

LIVE TRANSLATE

Телефон қоңырауларын бірден аударыңыз

Смартфонмен сөйлессеңіз болғаны, "Синхронды аударма" функциясы сізге тілдік кедергіні жеңуге көмектесе отырып, сөйлегеніңізді аударып береді. Бұл қолыңызда өз аудармашыңыздың болғанымен тең.7

Смартфон қоңырауы нақты уақыт режимінде аударылады. Бұл диалог экранда мәтіндік сөйлесу ретінде екі тілде көрсетіледі. Смартфон қоңырауы нақты уақыт режимінде аударылады. Бұл диалог экранда мәтіндік сөйлесу ретінде екі тілде көрсетіледі.

PHOTO ASSIST

Жасанды интеллект көмегімен әр суретті керемет етіп жасаңыз

Фото-Ассистенттің көмегімен фотосуреттеріңізді қалағаныңызша өңдеңіз. Жасанды интеллект (AI) көмегімен объектілерді жылжытыңыз, суреттің масштабын үлкейтіңіз, фотосуреттеріңізді кадрлеңіз және өңдеңіз.8

Фотосурет «Галерея» қолданбасында өңделеді. Өңдеу түймесі басылып, объектілердің бірі таңдалады. Олар суреттегі басқа жерге ауысады. Содан кейін бос фрагменттер фонмен толтырылады. Фотосурет «Галерея» қолданбасында өңделеді. Өңдеу түймесі басылып, объектілердің бірі таңдалады. Олар суреттегі басқа жерге ауысады. Содан кейін бос фрагменттер фонмен толтырылады.

Galaxy AI жасанды интеллекті көмегімен өзіңіздің хал-жайыңызды мұқият қадағалаңыз

Күні бойы Energy Score (Өмірлік күш деңгейі) көрсеткішін қадағалап отыру үшін Galaxy Z Flip6 құрылғысын Galaxy Watch7 Ultra немесе Galaxy Watch7 ақылды сағатының жаңа моделімен немесе екі құрылғымен қосыңыз.9,10

Құрылғыларыңызда Galaxy AI-мен танысыңыз

Смартфондар

Galaxy S сериясы

Galaxy Z сериясы

Планшеттер

Galaxy Buds

Galaxy Watch

* Суреттер модельденген. Түс шешімдерінің, өлшемдердің, модельдер мен баулардың қолжетімділігі елге немесе ұялы байланыс операторына байланысты. 

* Samsung AI жасанды интеллектінің кейбір функцияларын пайдалану үшін Samsung есептік жазбасы қажет болуы мүмкін.

* Samsung компаниясы жасанды интеллект (AI) функцияларын пайдалану нәтижесінде алынған тұжырымдардың дәлдігіне, толықтығына немесе шынайылығына қатысты ешқандай уәде, кепілдік бермейді.

* Суреттер иллюстрация мақсатында модельденген. Бірізділігі қысқартылған және модельденген. Іс жүзіндегі интерфейс өзгеше болуы мүмкін.

* Galaxy AI функциялары 2025 жылдың соңына дейін қолдау көрсетілетін Samsung Galaxy құрылғыларында тегін ұсынылады. Бөгде компаниялар ұсынатын AI функцияларына басқа шарттар қолданылуы мүмкін.

* Galaxy S24, Galaxy S23, Galaxy S22, Galaxy Z Fold6 | Z Flip6, Galaxy Z Fold5 | Z Flip5, Galaxy Z Fold4 | Z Flip4, Tab S9 | S9 + | S9 Ultra және Tab S8 | S8 + | S8 Ultra сериялары үшін Galaxy AI функциялары One UI интерфейсінің 6.1 немесе одан жаңа нұсқалары орнатылған кезде қолжетімді.

* Функциялардың қолжетімділігі аймаққа / елге, ОЖ нұсқасына / One UI пайдаланушы интерфейсінің нұсқасына, құрылғының моделіне және ұялы байланыс операторына байланысты болуы мүмкін.

* Жас шектеулері бар кейбір аймақтарда Galaxy AI жасанды интеллектін пайдалану сервисіне қолжетімділік кәмелетке толмағандар үшін шектеулі болуы мүмкін. 

* Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6, Galaxy Watch7 Ultra, Galaxy Watch7 және Galaxy Buds3 Pro бөлек сатылады.

1. Бірізділігі қысқартылған және модельденген. Нәтижелер тек иллюстрациялық мақсатта келтірілген. Нәтижелер визуалды сәйкестіктерге байланысты өзгешеленуі мүмкін. Интернет желісіне қосылу қажет. Android жүйесін соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет болуы мүмкін. Құрылғының функционалдығы қолданба мен құрылғының баптауларына байланысты болуы мүмкін. Кейбір функциялар белгілі қолданбалармен үйлеспеуі мүмкін. Сервистердің қолжетімділігі ел мен тілге байланысты болуы мүмкін. Нәтиженің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Жартылай ашық смартфон режимінде "Қоршау арқылы іздеу" функциясы қолжетімді емес.

2. S Pen бөлек сатылады. Galaxy Z Fold смартфонына арналған S Pen электрондық қаламын пайдаланыңыз. S Pen қаламының кез келген басқа моделі немесе басқа өндірушілердің стилустары экранды зақымдауы мүмкін. Galaxy Z Fold6 смартфонында S Pen-ге арналған кіріктірілген слот жоқ. S Pen қаламын тек смартфонның негізгі экранында пайдалануға болады.

3. Автоматты түрде зумдау функциясы Flex (жартылай ашық смартфон) режимінде артқы камерамен түсірген кезде қолжетімді және өшіріледі, зумдау қолмен жасалады. Жарықтандыру төмен болған жағдайда, автозумдау функциясы шектеулі режимде қолданылады.

4. Жазбаларға арналған ассистент (Note Assist) желіге қосылуды және Samsung есептік жазбасының болуын талап етеді. Бұл функцияның қолжетімділігі тілге байланысты. "Жазбаларға арналған ассистент" контентті аннотациялау функциясы символдардың белгілі минималды саны болған кезде ғана іске қосылады және символдардың саны белгілі бір шектен асып кетсе, жұмыс істемейді. "Жазбаларға арналған ассистент" функциясының дыбыстық енгізу режимі кейбір елдерде қолданылмауы мүмкін. Өңделетін аудиофайлдардың ұзақтығы 3 сағаттан аспауға тиіс. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.

5. Interpreter "Аудармашы" функциясы үшін Samsung есептік жазбасы қажет. Кейбір тілдер тіл па��етін жүктеуді қажет етуі мүмкін. Бұл функцияның қолжетімділігі тілге байланысты. Нәтиженің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Қолжетімділігі мен қолданылатын функциялар елге, аймаққа немесе байланыс операторына байланысты болуы мүмкін. Қолданылатын тілдердің қолжетімділігі өзгеше болуы мүмкін.

6. Flex режимі 75° - тан 115° - қа дейін бұрыштар диапазонында қолданылады.

7. Call Assist қолданбасының "Синхронды аударма" функциясы желіге қосылуды қажет етпейді. Телефон қоңырауларының "Синхронды аудару" функциясын іске қосу үшін желіге қосылу қажет. Samsung есептік жазбасына кіру қажет. "Синхронды аударма" функциясы Samsung смартфондарының алдын ала орнатылған қолданбаларында және кейбір бөгде қолданбаларда ғана қолжетімді. Бұл функцияның қолжетімділігі тілге немесе аймаққа байланысты болуы мүмкін. Кейбір тілдер тіл пакетін жүктеуді қажет етуі мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.

8. "AI редактор" (Generative Edit) функциясы желіге қосылуды және Samsung есептік жазбасының болуын талап етеді. "AI редактор" функциясының көмегімен өңдеу нәтижесінде өлшемі 12 МП дейінгі фотосурет жасалады. Фотосуретті сақтаған кезде суреттің бетіне AI жасанды интеллекті көмегімен жасалғанын көрсететін сутаңба қойылады. Жасалған нәтиженің дәлдігі мен шынайылығына кепілдік берілмейді.

9. Energy Score функциясы Android смартфондарында (Android 11 немесе одан кейінгі) қолжетімді және Samsung Health app қолданбасын (6.27 немесе одан кейінгі нұсқасы) талап етеді. Samsung есептік жазбасына кіру қажет. Бұл функцияның қолжетімділігі сатылатын елге немесе аймаққа байланысты болуы мүмкін. Energy Score көрсеткішін тексеру үшін Samsung Galaxy Watch немесе Samsung Galaxy Ring арқылы қадағаланатын денсаулық жағдайы туралы деректер Samsung Health қолданбасымен синхрондалуы керек. Бұл үшін, ең болмағанда, алдыңғы күнгі белсенділік пен ұйқы туралы деректер, сондай-ақ ұйқы кезіндегі жүрек соғу жиілігі туралы деректер қажет. Қандай да бір ауруды анықтауға, диагностика жасауға және емдеуге арналмаған. Бұл өлшемдердің деректері тек сіздің жеке танысуыңызға арналған. Дәрігермен кеңесуіңізді сұраймыз.

10. Galaxy Z Flip6 және Galaxy Watch7 құрылғылары бөлек сатылады.